Тараз имамдары қалада 52 түп ағаш екті

Тараз имамдары қалада 52 түп ағаш екті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ҚМДБ-ның «Ағашты жердің ырысы мол» атты қайырымдылық акциясы аясында Тараз қалалық мешіттерінің ұйымдастыруымен қаланың 13-мөлтек ауданында тал көшеттері отырғызылды.

«Атадан мұраға мал қалғанша тал қалсын» деген нақыл сөзді ұстанған имамдар облыстық балалар ауруханасына жақын жерге 52 түп ағаш отырғызды.

Баршамызға берер ғибраты мол мына бір оқиғамен бөлісе отырайық: Аббаси халифаларынан Һарун Рашид бір қарт адамның кішкене жеміс ағашының көшетін (тал шыбығын) отырғызып жатқанын көріп, оған: «Әке, сен ғой қартайдың. Отырғызып жатқан ағашыңның жемісін көре алмайсың, олай болса неге бейнеттеніп жатырсың?», – дейді. Қарт былай деп жауап береді: «Бізден бұрынғылар ағаш отырғызды, жемісін біз жедік. Енді біз де ағаш отырғызайық, ал жемісін бізден кейінгілер жесін». Бұл жауап Һарун Рашидке ұнап, қартқа бір уыс алтын береді. Қарт: «Көрдің бе, балам. Отырғызып жатқан көшеттің (тал шыбықтың) жемісін міне, мен де көрдім», – дейді. Бұл сөзге Һарун Рашид одан сайын риза болып тағы да алтын береді. «Басқа ағаштар жылына бір рет жеміс берсе, менің еккен ағашым жылына екі рет жеміс береді», – деген екен қарт. Қазақтың «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деп талды малдан да артық көргені осыдан болар.

«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: