10 күндік семинарға қатысушыларға сертификат табысталды

10 күндік семинарға қатысушыларға сертификат табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін облыстық «Һибатулла Тарази» медресесінде 26 наурыз және 04 сәуір айлары аралығында өткізілген 10 күндік семинарда діни дәріс тыңдап, біліктілігін арттырған аудан-ауыл имам-молдаларына сертификат табыс етілді.  Семинарға барлық аудандардан жалпы саны 16 имам-молда қатысты.

Семинарда фикх, ақида, хадис ілімі, бәләға, мазхабтар тарихы пәндері бойынша  дәрістер өткізілді. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы мұсылмандар арасындағы қарама-қайшылық, жат ағымдармен күресу бағытына қатысты дәрістер де оқытылды.

«Һибатулла Тарази» медресесінің директоры, облыс бас имамы Данияр қажы Әлимұхаммедұлы семинарға қатысушы имамдарға сертификат табыстай отырып, бұл жолғы 10 күндік семинардың ерекше өткендігін, имамдардың өткізілген сабақтарды қайталай отырып, білімге деген қызығушылық пен белсенділік танытқандығын және емтихан тапсыру кезінде алған білімдерін барынша қолданғандарын тілге тиек етті. Осы алған білімдерін алдағы уақытта тәжірибе жүзінде қолдануларына тілектес екендігін айтып, сәттілік тіледі.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: