Шығыс Қазақстан облысының Дін істері жөніндегі басқармасы осындай мобильдік қосымшаны іске қосты. Бұл қосымшаның бір ерекшелігі – қолданушыға жат ағымдар мен радикалды ағымдарды ұстанатын адамдардың қандай болатынын танып-білуге көмектеседі.
Аталмыш қосымшада «Қазақстанның діни ағымдары» деген атаумен республика аумағында тіркелген барлық діни ағымдар сипатталған, сондай-ақ, экстремистпен кездесіп қалғанда қолданылатын әрекет ету алгоритмі мен лаңкестік әрекет кезінде өзін қалай ұстау керектігі жөнінде ақыл-кеңестер келтірілген.
Play Market немесе Appstore арқылы аталмыш қосымшаны мобильдік қондырғыларға жүктеп алуға болады.
asyldin.kz