ТР Мұсылмандары діни басқармасының резиденциясында Қазан қаласында VI Республикалық ауызашарды ұйымдастыру және өткізу мәселесі бойынша жұмыс мәжілісі өтті.
Отырыстың жұмысына Татарстан Республикасының бас муфтиі, "Казань Арена" АҚ Бас директоры Радик Миннахметов, РФ мұсылман-кәсіпкерлері қауымдастығының президенті Айдар Шагимарданов, РФ АПМ вице-президенті Радик Абдрахманов және басқалар қатысты.
Мәжіліске қатысушылар Қасиетті Рамазан айының алғашқы екі күнінде берілетін басты ауыз ашарды өткізуді бекітті және ауыз ашар ерлер мен қыз-келіншектерге бөлек берілетіндігін атап өтті.
Сонымен қатар, жыл бойы мұсылмандар тағатсыздана күтетін әрі Республикадан тысқары жерде аса қызығушылықпен бақылайтын биылғы мега-ауқымды жалпылама берілетін ауыз ашардың бір ерекшелігі – аталмыш ауыз ашар бағдарламасында мунаджат айтушы танымал орындаушылардың өнер көрсету мүмкіндігі болмақ.
Естеріңізге сала кетсек, V Республикалық ауызашар 2017 жылдың 15 маусымында өткізіліп, бір мезгілде дастархан басына әрі намазға шамамен 10 000 татарлықтар мен астана меймандарының басын қосқан болатын.
Ауыз ашарға халықтың әлеуметтік күнкөрісі төмен жіктері қатысқан еді: көп балалы әрі күнкөрісі төмен отбасылар, денсаулығы жағынан мүмкіндігі шектеулі жандар, жетімдер, сондай-ақ, қоғамдық және діни қайраткерлер, Татарстанның аудандарынан әрі Ресейдің әр аймақтарынан келген мұсылмандар.
asyldin.kz