Түркиядағы Эрзурум қаласы 2026 жылы қыстық Олимпиада ойындарын өткізетін үміткер қаланың бірі болып отыр. Жалпы алғанда, Олимпиада өткізуге жеті ел үміт артуда. Атап айтқанда, Австрия, Канада, Түркия, Италия, Швеция, Швейцария мен Жапония. 2026 жылғы Олимпиада ойындарын өткізетін мемлекет пен қала 2019 жылдың қыркүйегінде өтетін сессияда таңдалып алынатын болады.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылғы қыстық Олимпиада ойындары Оңтүстік Кореяның Пхенчхань қаласында өтсе, ал 2022 жылғы қыстық Олимпиада ойындары – қытайдың астанасы Пекинде өтетін болады.
asyldin.kz