Алматы қаласында бүлдіршіндер арасында Құран жарысы өтті

Алматы қаласында бүлдіршіндер арасында Құран жарысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алматы қаласының орталық мешітінде Қасиетті Құран Кәрімнің «Фәжр» сүресінен «Нәс» сүресіне дейін жатқа оқудан 7 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында сайыс ұйымдастырылды.

Құран жарысын Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Алматы қаласы бойынша өкілі Еркінбек қажы Шоқай ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының ыстық лебіздерін жеткізіп, құттықтау сөзімен ашып берді. Сөз соңында Құран жаттаудың маңыздылығы мен осындай дүбірлі додада бақ сынаудың өзі үлкен нығмет екенін атап өтті. Жарысты  ұйымдастыруға «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры және «Үммет» қайырымдылық қорлары демеушілік көрсетті. Осындай Құран жарыстардың арқасында жыл өткен сайын жас ұрпақтың Құран Кәрімге деген сүйіспеншілігі артқанын байқауға болады. Мысалы, былтыр жарысқа қатысушы бүлдіршіндер саны 30-ға жуық болса, биыл олардың саны 82-ге жетті.

Аталмыш додаға қатысқан әрбір бүлдіршін сый-сыяпатсыз қалдырылмады. Жүлделі орындарға ұлдар арасынан:

1-орын Нұртілеу Серікұлы (100 000 тг.)

2-орын Жолдасбек Али (75 000 тг.)

3-орын Хақназаров Абдурахман (50 000тг.) иеленсе,

қыздар арасынан:

1-орын Тұрсын Айзере (100 000 тг.)

2-орын Абдулғани Жасмин (75 000 тг.)

3-орын Абуқызы Айша (50 000 тг.) иеленді.

Сонымен қоса, 10 үздік қатысушыға құны 25 000 теңге болатын сертификат, тағы 10 қатысушыға велосипед пен мақтау қағаздары табыс етілді. Бұның тысында ынталандыру сыйлығы ретінде барлық қатысушыға 5 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы мен самокаттар тарту етілді. Езулеріне күлкі, көңілдеріне қуаныш ұялаған балдырғандарымыздың қатарынан Қасиетті Құранды толық жаттаған қарилар мен ғалымдар болады деп тілейміз.

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: