Орамалдағы сәнгер алғаш рет Vogue журналының мұқабасына шығады

Орамалдағы сәнгер алғаш рет Vogue журналының мұқабасына шығады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1916 жылдан бастап жарық көріп келе жатқан әлемдегі ең танымал Vogue журналының мұқабасына тұңғыш рет орамалдағы мұсылман қыздың фотосы жарияланатын болды. 

The Independent басылымының мәлімдеуінше, мамыр айында шығатын журналдың мұқабасына тоғыз модель таңдап алынған екен, соның ішінде, 20 жасар Кениялық Халима Аден де бар, ол тұңғыш рет халықаралық танымалдыққа қол жеткізген хижабтағы сәнгер қыз.

«Vogue үшін келешектің қандай болатындығын көрсететін керемет сәт туды. Бес жыл бұрын мұндай қыздармен түсірілген ортақ сурет мұқабаға шықпас еді. Алайда соңғы айларда сән индустриясындағы басты жетістіктердің бірі, өмір бойғы менің қызметімнің негізі болып табылатын - әртүрлілік», - деп атап өткен журналдың редакторы Эдвард Эннинфул.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: