Үндістан үкіметі саяхатшылардың Тәж-Махал мешітіне келу уақытына шектеу енгізді. Daily Mail газетінің мәлімдеуінше, бұдан былай елдің меймандары Үндістанның ең көрікті жері – Тәж-Махалға тек күніне үш сағат бойы ғана бара алатын болады. Жаңа ережелер сәуірдің 1-нен бастап енгізіліп отыр.
Тарихи және мәдени жәдігердің маңында жиі кептелістердің орын алуы осындай шара қолдануға әкеліп соққан.
Естеріңізге сала кетсек, XVII ғасырда Темірланның ұрпағы император Шах-Джахан босану кезінде көз жұмған әйеліне арнап салған Тәж-Махалға күніне 50 мыңдай саяхатшы келеді екен, солардың көбі осы ғибадатханада күні бойы болады екен.
asyldin.kz