Моншаға түсудің әдептілігі мен үкімі

Моншаға түсудің әдептілігі мен үкімі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам діні тазалыққа аса мән берген дін, сондықтан монша туралы да үкімдер қойылған. Алдымен моншаның жағдайы:

Бірінші: Моншада жетерліктей су болуы қажет.

Екінші: Моншаның іші-сыртын ластықтан таза ұстау қажет. Тазалық сүннетке жатады. Адамдар түсерде монша лас болатын болса, онда монша иесі күнәкар болады. Ондай моншаға мұсылманның кіруі мәкрүһке жатады.

Үшінші: Моншаға кірген адам сол аяғымен кіріп, зиянды нәрселерден Алла Тағалаға сиынып кіреді.

Төртінші: Ер кісілер мен әйел кісілердің бөлмелері бір-бірінен бөлек болуы тиіс. Яғни әр бірінің есігі мүлде басқа жақта болуы қажет. Кіріп шыққанда бір-бірлерін көрмеулері керек.

Бесінші: Ер кісілер де, әйел кісілер де өзара бірнеше адам болып моншаға түсетін болса, бір-бірлерінің әурет жерлерін көрмеулері қажет. Ер де, әйел де өз араларында сәтри әурет жерлерін жабық ұстап шомылулары қажет. Сол үшін әурет жерлерін арнайы орағышпен орап
жүрулері шарт.

Ер кісілердің де, әйел кісілердің де өз ара әурет жерлерін көрулері харамға жатады. Ер адам ерлер моншасында әурет жерін ашып шомылатын болса күнәкар болады. Сол себепті Ислам дінінде моншада тыр жалаңаш шомылған адам әділдігін жоғалтып алғандықтан оның куәлігі қабыл етілмейді. Өз жынысының алдында шомылып одан кейін арнайы жабық жерде әурет жерлерін жууы қажет.

Алтыншы: Егер бір кісі жалғыз өзі шомылғанда жалаңаштанса, харам болмаса да мәкрүһке жатады. Оның әурет жерін жауып шомылуы сүннетке жатады.

Жалаңаштанған жағдайда да құбылаға қарап тұрмауы қажет. Ал, ер мен әйелдердің теңіз яки көл жағалауында әурет жерлерін ашып шомылулары Ислам дінінің сеніміне де, құлшылығына да мүлде қарама-қайшы нәрсе. Мұндай жерлерден рақым періштелері алыстап, ібіліс пен оның серіктері сол жерді мекендеп алатыны даусыз. Цунами секілді кейбір теңіз жағалауларындағы пәлекеттер осының белгісі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: