Түркия президенті Реджеп-Тайып Ердоған бұрынғы провослав шіркеуінде қасиетті Құран аяттарын оқығаны үшін христиандардың ренішіне қалды. Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.
Ердоған Стамбулдағы мұражайға айналған әулие София шіркеуінде сөз сөйлеп, Құран сөздерінен үзінді келтірген. Алайда, Ердоғанның бұл сөзіне халқының 98 пайызы христиандықты ұстанатын гректер қарсылық танытуда.
Түркия президенті өнер фестивалінің ашылу салтанатында сөз сөйледі. Ал бұл шара ұзақ уақыт бойы ірі христиан шіркеуі саналған әулие Софияда өткен болатын. Бүгінде бұл шіркеу мұражайға айналған.
XV ғасырда Осман империясы Константинопольді жаулап алған кезде әулие София шіркеуі де түріктердің қол астына өткен. 1935 жылға дейін бұл жерде мешіт орналасты. Бүгінде бұл мұражайға айналып, ЮНЕСКО-ның қорғауына алынды.