Мьянма парламенті елдің жаңа президентін сайлады. Төменгі парламент палатасының бұрынғы спикері 66 жасар Вин Мьин Мьянма президенті болып саналды.
Вин Мьин мемлекеттің іс жүзіндегі көшбасшысы, Ұлттық демократия лигасының басшысы Аун Сан Су Чжи ханымның жақын серіктесі болып табылады.
Қазіргі таңда Мьянма президентінің рөлі салтанатты түрде ғана жүзеге аспақ, өйткені негізгі билік ҰДЛ көшбасшысының қолында.
Аун Сан Су Чжи елдің президент лауазымына үміттене алмайды, өйткені оның шетел азаматтары болып келетін туыстары бар. Естеріңізге сала кетсек, ол британ ғалымының жесірі болып табылады, ал екі ұлында Ұлыбритания азаматтығы бар әрі олар Лондонда тұрады.
Мьянма президентінің сайлауы - бұрынғы президент 71 жасар Тхин Чжо мырзаның ұзаққа созылған дертіне байланысты қызметінен кетуіне орай өткізіліп отыр.
asyldin.kz