Қазақстанда Facebook, Youtube пен Twitter-ге тосқауыл қойылуы мүмкін

Қазақстанда Facebook, Youtube пен Twitter-ге тосқауыл қойылуы мүмкін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ел билігі Facebook, Youtube пен Twitter сияқты танымал әлеуметтік желілерге тосқауыл қойылатынын айтуда.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне сілтеме жасай отырып, «Фергана» ресурсы мәлімдегендей, аталған ресурстар қазақстандық қолданушылар үшін экстремистік деп танылған «Демократтық сайлау» партиясының материалдарына қолжетімділігін шектемеген жағдайда жоғарыда айтылған ескерту жүзеге асатын болады.

Партия материалдарына қатысты сот шешімін орындау қажеттігі жөнінде хабарлау хаты 13 наурызда-ақ Youtube, Facebook, Twitter, Instagram, сондай-ақ, «ВКонтакте», «Одноклассники» сияқты әлеуметтік желілеріне және «Telegram» мессенджеріне жіберілген болатын.

Instagram, «ВКонтакте», «Одноклассники» және Telegram сияқты әлеуметтік желілер тыйым салынған материалдарды жартылай алып тастаған.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: