Астана имамдарына бас мүфтидің алғыс хаты табысталды

Астана имамдарына бас мүфтидің алғыс хаты табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінде өткен жиналыста Елорда имамдарына Бас мүфтидің алғыс хаты табысталды.

Жиналыс барысында Астана қаласында өткен Еуразия мұсылман ғұламалары форумының ұйымдастырылуына үлес қосқан бас имамдар мен бірқатар мешіт қызметкерлеріне Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың арнайы алғыс хаты тапсырылды.

«Асыл дініміздің абыройын асқақтатып, мемлекетіміздің мерейін арттырған Еуразиялық форумды ұйымдастыруға белсенді үлес қосқаныңыз үшін айрықша алғыс білдіремін» делінген алғыс хатта.

Елордалық дін қызметкерлеріне алғыс хатты Бас мүфтидің атынан ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы табыс етті.

ақпарат muslim.kz сайтынан алынды 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: