Ауғанстанда қыз-келіншектерді ИШИМ-ге пайдалануы алаңдатушылық танытуда

Ауғанстанда қыз-келіншектерді ИШИМ-ге пайдалануы алаңдатушылық танытуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ИШИМ  жауынгерлері қыз-келіншектерді пайдалануда. Ауғанстан құқық қорғаушылары «Ислам мемлекеті» деп аталатын халықаралық лаңкестік тобы жауынгерлерінің қыз-келіншектерді пайдалану проблемасы қатты алаңдатып отырғандығын айтуда.

Жоғары келісім кеңесі төрағасының орынбасары Хабиба Сорабидің айтуына қарағанда, соңғы кездері аталмыш топ қыз-келіншектердің құқығын бұзуға қатысты әскери қылмыс жасауда.

Оның айтуынша, Ауғанстанның кейбір аудандарында ИШИМ  жауынгерлері нәзік жан өкілдерін жыныстық құлдыққа салып жатыр.

Жергілікті билік пен Жоғары келісім кеңесінің өкілдері мұндай оқиғаларды болдырмауға барлық күш-жігерлерін салып бағуда. Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада Джаузджан аймағында жүргізілген лаңкестікке қарсы арнайы операция барысында алты ИШИМ жақтаушылары ұсталған, олардың ішінде әйел де болған.

Есептемеге сәйкес алынған сұрақ-жауапта әлгі әйел француз тілінде сөйлейтін болып шыққан. Қазіргі таңда құқық қорғаушылар аталмыш топта бұл әйелдің немен айналысқанын тексеру үстінде.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: