Ғалымдар Африкада биоалуантүрліліктің төмендеуіне алаңдаушылық танытуда. 2100 жылға таман Африка континентіндегі жануарлардың тең жартысы қырылады. Бұл жөнінде БҰҰ Үкіметаралық платформасында жасалған биоалуантүрлілік туралы баяндамада айтылған.
Сарапшылардың болжауына қарағанда, жуырдағы отыз жылда әлемде биоалуантүрлілік айтарлықтай төмендейтін көрінеді. Жаһандық жылынудың баяулауына қарамастан, 2050 жылға дейін Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маржанның 90% құрып кетеді.
Егер өнеркәсіптік балық аулау осы деңгейде қала берсе, онда 2048 жылға таман балық қорының құрып кету қаупі төнуде.
Сонымен қатар, ғалымдардың айтуынша, 2100 жылға таман Африка жануарларының тең жартысы құрып кетуі мүмкін. Бұл континенттегі көлдер мен өзендердің құрғап кету салдарынан болмақ.
БҰҰ болжамы бойынша, 2050 жылға таман Африка халқының саны 1,25 млрд-тан 2,5 млрд-қа дейін өседі.
asyldin.kz