Түркияда «Istanbul Photo Awards-2018» халықаралық фотосуреттер байқауының жеңімпаздары жарияланды.
«Жыл фотографы» номинациясы бойынша қазылар алқасы жеңісті фото-тілші Дамир Саголждың «Нәресте» атты фотосына берген. Бұл фотода Бангладеште орналасқан рохинджа босқындар лагеріндегі ұл бала бейнеленген.
Сондай-ақ, рохинджа мұсылмандарының тақырыбына арналған жұмыс Кевин Фрайер есімді фотографқа да жеңіс әкелді. Бұл фото «Жаңалықтар фотосы» атты номинация бойынша жүлделі орынға ие болды.
Айта кету керек, жалпы алғанда, «Istanbul Photo Awards-2018» халықаралық байқауға әлемнің 22 елінен фотографтар қатысқан. Қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын 27 номинация бойынша анықтаған.
asyldin.kz