Бүгін Татарстан мұсылмандары діни басқармасында республикалық мұсылман қыз-келіншектерінің конференциясы өтеді. Басқосу тақырыбы: «Ш. Марджани қыз-келіншектердің қоғамдағы және отбасындағы рөлі».
Форумның негізгі мақсаты әлеуметтік мәні бар жобаларды іске асыруда мұсылман қыз-келіншектерді шоғырландыру болып табылады.
Іс-шараға Татарстанның өзінен шамамен 100 қыз-келіншек, сондай-ақ, Башқұртстан, Мордовия, Мари-Эл, Ульяновск және Киров облыстарындағы қоғамдық әрі діни ұйымдардың өкілдері де қатысады деп күтілуде.
Аталмыш конференцияда мұсылман қыз-келіншектерінің қоғамдағы және отбасындағы рөлі, сонымен қатар, өскелең ұрпақты келісімде, бірлікте, ынтымақтастықта әрі отансүйгіштікке тәрбиелеп-өсіру мен ұлттық, отбасылық дәстүрлерді сақтау мәселелері де қарастырылмақ.
asyldin.kz