Жамбыл ауылында Ұлыстың ұлы күні тойланды

Жамбыл ауылында Ұлыстың ұлы күні тойланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауылы «Жексенбай ата» мешітінің молдасы Исаев Зияттың ұйымдастыруымен мешітте Наурыз мерекесі аталып өтті. Ата- бабаларымыз ежелден тойлаған мерекеге орай дастархан жайылды, наурыз көже таратылды. Жиналған ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты ұлыстың ұлы күні Наурыздың келуімен бір-бірін  шаттана құттықтап жатты. Қасиетті Құранның аяттары оқылып, ақсақалдар ақ батасын берді.

Дастархан басына жиналған қауымға мешіт молдасы Исаев Зият дін мен дәстүрдің сабақтастығы жайлы әсерлі уағыз айтты. Сондай-ақ, қой көтеру, гір тасын көтеру, қол күрес сынды ойындар өткізіліп, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар берілді. Жас бүлдіршіндерге арналып батут құрылды.

«Жексенбай ата» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: