Хазіреті Пайғамбардың ынталандырған спорт түрлері

Хазіреті Пайғамбардың ынталандырған спорт түрлері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жүгіру жарысы.

Жүгіру – күндегі мықты спорт жарыстарының бірі. Хадистерде Алла елшісі осы спорт түріне сахабаларды ынталандырған. Осыған орай сахабалар да өзара жүгіріп жарысқан. Сондай-ақ, Хақ пайғамбар да бірде хазіреті Айшамен жүгіріп жарысады. Ендеше, бұл спорт түрін сүннет деп, осы тұрғыда халықты, әсіресе, жастарды жүгіру жарысына баулуға болады.

Күрес.

Хазіреті Пайғамбар балуандығымен танылған Руқанә деген бір адаммен күресіп, оны жеңгендігі кейбір деректерде жеткізілген. Оның үстіне бір хадисте «мықты мұсылман әлсіз мұсылманнан хайырлы», – дегені де бар. Ендеше спорттың күрес түрімен айналысқандар да оның Пайғамбардың сүннеті екенін біліп, сол тұрғыда ниет етсе үлкен сауапқа ие болары сөзсіз. 

Садақ ату.

Садақ ату, мылтық ату жарысына келер болсақ, Алла елшісі (саллалаһу аләйһи уә сәлләм) «Оларға қарсы қолдарыңнан келгенше күш әзірлеңдер» деген аятты – оқ ату деп түсіндірген. Сонымен қатар Алла елшісінің
(саллалаһу аләйһи уә сәлләм) садақ атуға ынталандырған көптеген хадистер бар. Алайда, Пайғамбарымыз оқ ату жарысында тірі жануарды көздеуге тыйым салған.

Ат жарыс.

Ат жарысы Пайғамбарымыздың әрқашан ынталандырып, жарыстан жеңгендерге сый-сияпат беріп, көбінесе өзі де қатысқан спорт түрінің бірі. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз спорттың жүзу түріне де үмбетін қызықтырған. Пайғамбарымыз осы спорт түрлерінде адамға да, жануарға да қиыншылық көрсетуге тыйым салған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: