Көктем - ақиреттің дәлелі

Көктем - ақиреттің дәлелі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иә, тол­ға­нып, ғиб­рат ал­мақ ниет­пен пі­кір ет­сек, әр­бір көк­тем қай­та ті­рі­лу­дің дә­ле­лі емес пе? Көк­тем қай­та ті­рі­лу­дің сан­сыз үл­гі­сі­не то­лы. Жазғытұрым жап-жа­сыл боп жай­қа­лып, күз­де жемісін бергеннен кейін күллі ағаш әле­мі адам­ның шашы ағарып, қар­тай­ғанын­дай жа­пы­рақ­та­ры сарғайып, со­лып, жерге тө­гі­ліп, өз­де­рі қу­рай бас­тай­ды. Қыс кел­ген­де өл­генге ұқсап, ап­пақ қар­дың ас­тын­да қа­ла­ды. Бойларынан зәредей де тір­ші­лік­ нышаны бай­қал­май­ды. Оларды қыс­та­ғы осы өлі қал­пы­нан соң, көк­тем­де көрейік. Жер бусанып, күн нұ­ры­на ма­лы­на бас­та­ған шақ­та күл­лі өсім­дік әле­мі әп-сәт­те бүр­шік атып, гүл­де­рін ашып, жап-жа­сыл бо­лып жай­қа­ла тү­се­ді. Өлген тіршілік иелері көк­тем­мен бірге қай­та ті­рі­ле­ді. Міне, ойлана білгендерге ғибрат мол.+

Бұл аз десеңіз, күз­де то­пы­рақ­қа тү­сіп кө­міл­ген әр түр­лі дән­дер мен да­қыл­дар­ ші­рі­ді, біт­ті, өл­ді деп ой­лай­мыз. Алай­да ол көк­тем­де ал­ғаш­қы кей­пі­нен де ке­ре­мет түр­де қай­та ті­рі­ліп, қа­ра жер­ді қақ жа­рып шы­ғып, жай­қа­ла өсіп, жер бетін жа­сыл ре­ңі­мен бояп тас­тай­ды. Тіп­ті бі­реу бо­лып өле­ді, бір­не­ше бо­лып ті­рі­ле­ді. То­пы­рақ ас­тын­да ші­рі­ген дән-да­қыл­ды көк­тем­де қай­та ті­рі­лт­кен Алла, өзі­нің жер бе­тін­де­гі ха­ли­фа­сы адам ба­ла­сын да қа­бір­де ші­рі­ген­нен кейін көк­тем тә­різ­дес Хашыр кү­ні қай­та ті­ріл­те­ді.

Қайрат Жолдыбайұлы 

«Имани гүл» кітабынан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: