Жүрек неге қараяды?

Жүрек неге қараяды?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кез-келген адамның өмірінде өз күш-қуатының сарқылып, өміріне бей-жай қарайтын, селқостық, әлсіздік пен жабырқаулық сезім басым болатын кезеңдер болып тұрады. Кейде мұндай кезеңдер айларға созылса, кей жағдайда жылдарға да созылып жатады. Іштей құлазу сыртқы өмірге немқұрайлы қарауға әкеліп соғады, осының салдарынан тұрмыста, қарым-қатынаста, қызметте қанағаттанбаушылық орын алады. Біреулер өздерін сөгеді, қолында бар аз ресурсқа қарамай өзінен көп нәрсені талап ететін болады.

Көп жағдайларда бұл жақсы өзгерістерге әкелмейді, керісінше, мәселенің қиындауына әкеліп соғады. Біреулер жақсы жақа өзгеруге деген үмітінен айырылып, одан сайын қараңғы түнекке шырмалып қалады. Бірақ, бұл жерде үшінші нұсқа да бар…

Алла Елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Жарқырап тұрған айдың бетін бұлт көлегейлегенде, қараңғы болатыны сияқты, бетін бұлт бүркемейтін жүрек болмайды, бірақ бұлт сейілгенде, жүрек қайтадан жарқырайтын болады» (Әбу Наим). Дәл осындай жағдай мүміннің де басында болады. Ең бастысы, бұл жағдайдың қажеттілігін, уақытша әрі құбылмалы екендігін жете түсіну қажет. Алла Тағала жаратқан әлемдегі дүниенің бәрі Оның даналығы бойынша қозғалыста болады. Осы даналық жолымен жүрек те қозғалады, алайда мезгіл-мезгіл ешбір жағдайға қарамастан уайым, күмән, селқостық пердесімен бүркеліп қалатыны да болады. Бұл жағдайдың негізінде нақты бір логика, «бағдарлама жатқынын түсіну маңызды.  Кейбір психологтар жағымсыз симптомды емес, біөзің жүректерімізді оң өзгерістер мен жаңа шешімдерге итермелейтін «ащы дәрінің» пайда болғанын байқайды.

Төменде юнгиан талдаушыларының бірінің былай жазғанын келтіреміз:

• «Ұлудың қабыршағына жасырынатындай, мен қиыншылықтарды бассауғалауға болатын өзінше бір игілік деп қарастырамын. Уақытша баспанада отыра тұрып, өмір атты тұлпардың тізгінін бос салып қойып, жан сызатының жазылуына мүмкіндік берер едім. Ал басқару жүйесінен айырылуға келсек, ішкі түйсік деп аталатын ішкі қасиетке үміт арту ғана қалады, ал біздің ішкі түйсігіміз сенімді тұлпарымыз сияқты жүрегіміздің дұрыс жолдан адаспай, үйге ат басын тіретуге мүмкіндік береді»;

• «…тіпті біздің қиыншылықтарымыз жүз жылға не мәңгілікке созылар болса да, тіпті өзімізді тірідей сезінбесек те, егер уланған ине жүрегімізге қадалғандай болса да, улы алма кеңірдегімізге тұрып қалса да - торығуға, қорқынышқа, енжарлыққа қарамастан, көзге көрінбестен тасбақадай жыбырлап келе жатқан баяу болса да өмірімізді жалғастыруға қажетті жандану үрдісі мен күш-қуатымызды қалпына келтіруді ешкім де тоқтата алмайды»;

• «Кейде біздің торығуымыз – мәжбүрлі міндеттерден шығаратын жалғыз «апаттық шығар есік» болып табылады».

Айша анамыз (ол кісіге Алла разы болсын), Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  мына бір дұғаны көп рет айтатынын келтірген: «Иә, жүректерді ауыстырушы, Алла! Жүректерімізді Өз дініңе және Саған деген бойсұнуда бекем етші!» Мен одан (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Алла Елшісі! Бұл дұғаны неге сонша жиі айтасың?» - деп сұрадым.Сонда ол (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, адамның жүрегі Алла саусақтарының арасында тұрады, егер Ол қаласа, жүректі ауыстырып жібереді, ал егер Ол қаласа хақ жолға салады». (Ахмад). 

Алла Тағалаға бағынатын жүрек жолы даналық, ашылу және еркіндік ізімен жүреді. Кейде бұл жол адамды сілкілеп алатын қасірет шытырманы мен қиындықтарды өткізетін, уайым мен  дағдарыс иіріміне түсіріп жібереді. Бірақ мүмін ешқашан ешбір жағдайда оны Алламен байланыстырып тұрған  көзге көрінбес «желіден», Оған деген сенімнен, сабырлық пен бойұсынғыштықтан айырылып қалмауы керек, өйткені ақыр соңында тек осылар ғана оны адамгершілік пен рухани дамудың жаңа көкжиегіне шығара алады.Айдың бетін «бүркейтін бұлт» та міндетті түрде сейіледі, сол сияқты жүрек те жаңа күшпен жарқырай түсетін болады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: