Кешірім сұрау жеткіліксіз...

Кешірім сұрау жеткіліксіз...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Хурайра (ол кісіге Алла разы болсын) Алла Елшісінің, (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір күні адамдардан былай сұрағанын келтірген: «Кімнің жарлы болып табылатынын білесіңдер ме?» Ал адамдар: «Кімнің ақшасы, мүлкі болмаса, сол жарлы», - деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Ақиқатында, Қиямет күні менің үмбетімнің жарлысы өзімен бірге намаздарын, оразаларын, зекеттерін ала келеді, бірақ анықталғандай, ол біреуге тіл тигізді, біреуді қаралады, біреудің мүлігін қолды етті, біреудің қанын төкті, біреуді ұрды, осылайша, оның игі амалдарынан сол адамдарға берілетін болады, ал егер бәрімен есеп айырысып болмай жатып, оның игі амалдары таусылатын болса, онда жәбір көргендердің күнәлары оған жүктелетін болады да содан кейін ол Тозаққа тасталады!» (Ахмад, Мүслим, ат-Тирмизи).

Бір адам басқа бір адамның құқығын бұзғанда, ең жақсы дегенде, сол жағымсыз істі жасағаны үшін алдынан өтіп, кешірім сұрайды, бірақ кешірім сөздері үнемі жеткілікті болып, кәдеге жарай бермейді. Өйткені құқығына қол салынған адам «сөзбен ғана» кешірім беріп, бәрі ұмытылғандай түр жасауы мүмкін. Негізінде, шынайы кешірім тек қана сөзбен білдірілетін кешірімді ғана талап етіп қоймайды…

Ибн Мадж, Малик пен Ахмадтан келген хадисте Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Біреуге де, басқаларға да зияныңды тигізбе». Егер  зиян келтірілген болса, сол зиянның шығынын өтеп немесе мүмкіндігінше зиянды жою керек болады.

Осы жерде Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  бен оның сахабасы арасында болған оқиға турал айтып өтуге болады. Бәдір шайқасында Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қолына шыбық ұстап сапты түзетіп жүреді. Сауад есімді сахаба біраз алдыңғы сапқа  шығып кеткен екен.   Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  әлгі сахабаны қолындағы шыбықпен ішінен нұқып қалып: «Қатарға тұр, қатарға тұр», - дейді. Сонда Сауад: «Уа, Алланың Елшісі, ішімді ауырттың ғой!» - дейді. Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Не қалайсың?» - деп сұрайды. Сахаба: «Маған не жасасаң саған да соны жасағым келеді. Сен мені ұрдың, мен де сені ұрамын», - дейді. Алла Елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған шыбықты беріп: «Мә, өзіңдікін қайтар», - дейді. Сонда Сауад: «Уа, Алла Елшісі, сен менің ішім ашық тұрғанда ұрдың», - деп айтады. Алла Елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) киімін көтеріп, ішін жалаңаштайды. Ал, Сауад болса оған (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  жақындап келіп, ішінен сүйіп алады. Бұған таңғалған Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Сауад, бұлай жасауыңа не түрткі болды? Мұны неге жасадың?» - деп сұрайды. Сауад: «Уа, Алла Елшісі, бізді не күтіп тұрғанын сен білесің. Бұл дүниемен байланысты болған соңғы нәрсем – сенің денеңе қол тигізу еді», деді. Сонда Алла Елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Пайғамбарлардың денесіне қол тигізгендерді от  жалыны шарпымайды», - деп қуантқан екен. Бұл оқиғадан көріп отырғанымыздай, Сауадтың ішін ауыртып алған Алла Елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тек кешірім мен өкініш сезімдерімен ғана шектеліп қалмаған. Ол (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) зиян шеккен адамға теңдей дәрежеде зиянын қайтарып алуға рұқсат берген.  Кейде дәл осындай өтемақы беру келтірілген зиянның орнын толтыра алады. Кейде, келген зиян тең болмайды да, жәбір көрушіге қатысты жақсылық жасау да дұрыс болады. Масыл үшін, Әбу Масғуд әл-Ансаримен болған оқиғаны келтірсек болады. Әбу Масғуд мына оқиғаны баяндап береді: «Өз қызметшімді ұрып қалғанымда, арт жағымнан:  «Әбу Масғуд, біліп қой, Алланың саған деген билігі сенің  осы қызметшіңе деген билігіңнен басым», - деген дауысты естіп, бұрылып едім, мұны айтқан Алла Елшісін (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын ) көрдім де: «Уа,  Алланың Елшісі, оны Алла разылығы үшін босаттым», - дедім. Сонда Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын ) маған былай дейді: «Егер сен бұлай жасамағанда, Тозақта жанар едің». (Мүслим).

Әбу Масғуд сияқты кейде келтірген зиянды моральдық, материалдық немесе кез келген  басқа өтем ақы арқылы да өтеп, әділеттікті орнатқан жөн. Ал егер мұндай мүмкіндік болмаса ше? Жәбір көрген адам қайтыс болып кетсе немесе алыста болған жағдайда, сол адамға дұға жасау пайдалырақ болады. Мысалы, Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын ) мынадай дұға жасағаны келтірілген: «Уа, Алла, қандай бір мүмінге тілім тиген болса, соның өтеуі ретінде Қиямет күні оны Өзіңе жақын ете гөр!». Алла ТағалаҚұранда: «Ол күні залымдардың желеулері кәдеге аспайды» (40:52), - дейді.

Сол себепті де келтірген зиянның өтемін өтеу үшін  мұсылман адам «адамгершілік»  деген асыл қасиетке сүйену керек.  

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: