Хазіреті Осман мен Әли (оларға Алла разы болсын) қалай қаза болған?

Хазіреті Осман мен Әли (оларға Алла разы болсын) қалай қаза болған?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хазіреті Османның (ол кісіге Алла разы болсын) қазасы

Омардан (ол кісіге Алла разы болсын) кейін мәртебелі Осман (ол кісіге Алла разы болсын) халифалық қызмет атқарды.  Алла Елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған былай дұға жасаған: «Әй, Осман! Алла сенің өткен және келешек күнәларыңды кешірсін!».  

Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Жұмақта найзағай жарқылы көрінеді. Жұмақ мекендеушілері: «Бұл неткен найзағай?» - деп сұрайды. Сонда Алла Тағала: «Бұл найзағай емес. Осман хазіреттің бір бөлмеден бір бөлмеге өткендегі сандалдарынан шыққан шуақ. Оның жер бетінде жүргенде сандалдарынан шығатын шуағы жұмақты нұрландырады».

Бір түнде екі ракағат намаз оқу кезінде хазіреті Осман (ол кісіге Алла разы болсын) Құранды толықтай оқып шығатындығы туралы білетін шығарсыздар.  Періштелер одан қатты ұялатын болған. Осман  Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  үшінші досы болған. Ол сүрелерді жинақтап Құран кітап етіп шығарған.  Ол Құранның мағынасы мен тәпсірін мықты білгендердің бірі болған. Ол Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) екі рет күйеу баласы болғандықтан «Зиннурайн» (екі нұрдың иесі) деген лақап ат тағылған.  Ол Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  екі қызына үйленген. Алла және Ислам жолында қолынан келген жақсылығын аямаған, Алла Елшісіне (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үш жүз түйе сыйлаған.

Омардан (ол кісіге Алла разы болсын) кейін Осман (ол кісіге Алла разы болсын) он екі жыл халиф болған. Оны үйінде намаз оқып тұрған  кезінде зулхиджа айында өлтірген. Мәртебелі Осман (ол кісіге Алла разы болсын) сексен алты  (кейбір деректерде тоқсан)  жасында қайтыс болған. Ол кісіге Алла разы болсын!

 

Хазіреті Әлидің (ол кісіге Алла разы болсын) қазасы

Сағд ибн Әбу Уаққас Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Менің қасымдағы Әли Мұсаның қасындағы Харун сияқты. Менен кейін пайғамбарлардың болмайтыны сияқты. Әли — менен әрі мен - Әлиденмін. Алла Тағала менімен пайғамбарлар тізбегін тоқтатқандай, Әлимен халифтар тізбегін тоқтатады».

Ислам ғалымдарының арасында Әлидің (ол кісіге Алла разы болсын) Исламның арыстаны әрі асхабтардың арасында ұлы ғалым болған.  Әли (ол кісіге Алла разы болсын) Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мынадай сөздерін келтірген: «Кімде-кім Адам Атаны көріп, ілімін білгісі келсе, Шит пен оның сабырлығын, Ідріс пен оның қасиетін, Нұх пен оның үндеуін, Ибраһим мен оның кең пейілділігін, Мұса мен оның қажымайтындығын, Дәуід пен оның асқан әсемдігін, Иса мен оның бой ұсынушылығын, Зәкәрия мен оның азаптанушылығын, Яхья мен оның бейкүнәлігін көріп-білгісі келсе, онда білсін, осы қасиеттердің бәрі Әлидің (ол кісіге Алла разы болсын) бойында».

Халифтар туралы Алла Елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқан болатын: «Халифтардың билігі отыз жыл жалғасады, ал содан кейін мейірімсіз билеушілер келеді».

Әбу Бәкір Сыддық пен Омар (ол кісілерге Алла разы болсын) елде он үш жыл билік жүргізген. Осман (ол кісіге Алла разы болсын) он екі жыл, ал Әли (ол кісіге Алла разы болсын) бес жыл бойы халиф болған. Нәтижесінде, отыз жыл тақуа халифтер билік еткен.  Бұл кісілерге Алла разы болсын!

Күндердің күнінде Әли хазірет (ол кісіге Алла разы болсын) ауырып қалады да оның халін білуге Әбу Бәкір, Омар мен Осман (оларға Алла разы болсын) келеді. Үйде келген қонақтардың алдына қоятын бір тостаған балдан басқа ештеме болмай, сол балды қояды. Тостағаннан қызыл бал асып төгіледі. Сол балдың ішінде бір қара қылшық жүреді. Сонда Әбу Бәкір (ол кісіге Алла разы болсын) әрқайсысы үш жақсы теңеу айтпайынша бұл балдан дәм татпайтындығын айтады. Өзі бірінші болып, былай дейді: «Ислам діні мына тостағаннан да жарқырайды. Иман балдан да тәтті. Шариғатты орнату мына қылшықтан да жіңішке».

Одан кейін сөз алған хазіреті Омар хазірет (ол кісіге Алла разы болсын) былай айтады: «Жұмақ ақ тастан да жарық. Құранды оқу балды жегеннен де тәтті. Құранды түсіндіру — қылшықтан да жіңішке, нәзік іс».

Соңғысы болып Осман хазірет (ол кісіге Алла разы болсын) былай айтады: «Қонақ асыл тастан да құнды. Қонақтың сөзі балдан да тәтті. Қонақтың ризалығы қылшықтан да жіңішке».

Осылайша, әркім тәжірибесіне сүйене отырып өз ойларын білдірген екен.

Мәртебелі Әли (ол кісіге Алла разы болсын) Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ең жақын досы болған. Ол - Зұлфикар, семсер иесі. Ол ақиқатты сүйетін, бар жағынан алып қарағанда кемеліне жеткен ақылды адам болған. Ақиретте ол дін үшін азапталғандардың үлкені болады әрі мүміндерге Кәусар бұлақтың суын ұсынатын болады. Ол асхабтардың ішіндегі жақұты әрі тақуа Фатиманың (ол кісіге Алла разы болсын) сүйіктісі болған.

Әли хазірет (ол кісіге Алла разы болсын) алпыс үш жыл өмір сүрген. Рамазан айында жұма күні Куфа қаласындағы мешітке барғанда  Ибн Мулджам есімді адам оған пышақ салып, өлтіреді. Әлидің (ол кісіге Алла разы болсын) жаназасын ұлы Хасан (ол кісіге Алла разы болсын) шығарады да мешіттің қасына жерлейді. Әли хазірет (ол кісіге Алла разы болсын) Рамазан айының он бесінші жұлдызында бақилық болған. Ол кісіге Алла разы болсын!

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: