Жастарды имандылыққа тәрбиелеу тақырыбында кездесу өтті

Жастарды имандылыққа тәрбиелеу тақырыбында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетінің «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының 5В070200 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 1-курс студенттері «Діни экстремизмнің алдын алу және жастарды имандылыққа тәрбиелеу» тақырыбында ашық кураторлық сабақ өткізді. 

Ашық тәрбие сағатын дәл осы тақырыпта жүргізудің негізгі мақсаты – студенттерге діни экстремизм мен терроризмнің мағынасын түсіндіру, заңсыз жат діни ұйымдар туралы мағлұмат беру.


Сабақ барысында дін, экстремизм, радикализм, терроризм түсініктеріне, теріс ағымдағы ұйымдарға анықтама беріліп, теріс діни ағымдар, теріс ағымға кірген қыздың сұхбаты өзінің сауатсыздығынан теріс діни ағымға кіріп, оны насихаттағаны үшін өз жазасын тартып отырғандар мен Қазақстанда болған террорлық актілер жайындабейне роликтер қарастырылынды. 
Арнайы шақыртылынған қонағымыз «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің ниаб иманы Аманбаев Ержан Маханұлы жастарға көптеген пайдалы мәліметтердітереңнен түсіндірді, студенттер мен оқытушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. «Философи және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Көлбаева Дина Дүйсебайқызы студенттерге ақпарат көздерін дұрыс пайдалана білу жайында түсіндірсе, ф.ғ.к., доцент м.а. Спанов Мейірхан Жансейтұлы теріс ағымның жетегінде кетпеу жолдарын айқындады. Ашық сабақ өте әсерлі болғаны сонша екі сағаттан аса уақытқа сөзылды. 


Әлемдегі ең ізгі дін - Ислам дінін қадірлеу, ата дәстүрін ардақтау мұсылман үмбетінің бір бөлігі. Ол - біздің дәстүріміз. Бірақ біз зайырлы мемлекетте өмір сүргендіктен, зайырлы қоғамның дәстүрлері бар екенін ұмытпауымыз керек. Еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылыққа тәрбиелей отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына жеткізу-бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті, ересектер парызы. «Ынтымақ болмай, тірлік болмас» дегендей айтылған мәселелердің алдын алу үшін жұдырықтай жұмылып, ілім мен білімді жеткізіп, жастардың көкірек көзін аша білдік деп ойлаймын, ал бұл жағдайда тек дін мамандары ғана емес әрбір ата дінін бойына сіңдірген азамат үлес қосуға міндетті.

tarsu.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: