Тараз қалалық Кеңесхан қажы мешітінде «Әйелдер және қыздар секторының» ұйымдастыруымен мешіт ұстазы Қожантаева Айдана "Рухани жаңғыру" жоспарына сай, «Ата мұрасы – бата» тақырыбында әйелдер жамағаты мен шәкірттерге тәрбие сағатын өткізді.
Шәкірттерге «бата» сөзінің түбірі «Фатиха» сөзінен бастау алғандығымен танысқан шәкірттер, бата қай жерде берілетіндігін, қазақ отбасында бата беру құрметіне кімдер лайықты екенін айтып, өзара ой-пікірлерімен бөлісіп отырды. Пайғамбар (с.а.с.) сүннетіне сай халқымыз батаны көпті көрген, сөзі түзу адамнан сұрағандығы айтылды.
Дастархан батасы, жолаушыға берілетін бата, жас отау құрғандарға берілетін бата, сапардан оралған кісінің аймақтағы үлкендерге сәлем беріп, батасын алуының әдептері жайлы сөз етілді.
Ашық сабақ соңында, бата беру әдебіне сай сыныптың үлкені Мариям апа бата беріп, Алладан халқымыздың ауызбіршілігі мен рухани байлығыққа кенелуін тіледі.
Шәкірттерге тәрбие сағатының жалғасатынын ескерткен ұстаз, келесі сабаққа үй тапсырмасы ретінде киіз үй және оның жабдықтарымен танысып келуді тапсырды.
«Кеңесхан қажы» мешітінің
баспасөз қызметі