Әр сенбі сайын «Һибатулла Тарази» мешіті қыздар сауат курсындағы әйел жамағатына кестеге сай уағыз өтіп тұратынын бұдан бұрын да хабардар еткен болатынбыз.
Осы жолғы уағызда «Һибатулла Тарази» медресесінің ұстазы Ембергенов Амангелді әйел азаматтың ерінің алдындағы міндеттері туралы сөз қозғап, қазіргі уақытта ажырасу фактілерінің көбеюінің себебі әйел мен ер өз міндеттерін ұмытуының салдарынан екендігін уағызда тарқатып айтып берді.
Ал «Әйелдер-қыздар» секторының облысымыздағы өкілі Үсенова Зейнеп «Намаз оқудың сауабы мен нәпіл намаздың артықшылықтары» туралы насихат айта, облыстық мешіттің әйелдер жамағатының ұстазы Алдасаева Гүлжан «Тәубенің қасиеті» атты тақырыпты қозғап, онда тәубенің адам баласына берер пайдасы, пенде Аллаға тәубесін айтып жүру керектігі, тәубесіне келген адам әрдайым Алланың сүйіспеншілігіне бөленетіндігі туралы уағыз айтты.