"Саналы Talks” интеллектуалды кеші өз деңгейінде өтті

"Саналы Talks” интеллектуалды кеші өз деңгейінде өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
21 ақпан айының жұлдызында SK Group ААҚҚ - ның ұйымдастыруымен өткен "Саналы Talks” интеллектуалды кеші өз деңгейінде өтті. Кәсіби бағытта өрбіген жобаның алғашқы тақырыбы "Кел, ұстаздар, оқылық!" Облыстағы ең үздік көрсеткішке жетіп, адам капиталын қалыптастыруда аянбай еңбек етіп жүрген спикерлер өз ойларынмен бөлісті. Олар: Маханов Даурен Тойлыбаевич 
Қызметі: Педагог - организатор - куратор.  
 
Тақырыбы: ЭЫДУ елдеріндегі қазіргі математикалық білім берудегі үрдіс: Өсуге бейім сана. 
 Дәурен мырза баланың білімін бағалаудың екі түрі барын көрсете келе, баланың өзіне мақтау айтпай, ісіне баға берсең әрмен қарай оқушы істің өнімділін ойлайтындығын баса айтты. 
 
Тамабекова Сәулет Махатқызы Қызметі: Ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" мектеп интернатының информатика пәнінің мұғалімі. Тақырыбы: ХХІ ғасырдағы жаңа ақпараттық технологиялар - білім беру саласында.   
  Сәулет xаным ХХІ ғасырда теxнологияның көмегімен сабақты қалай қызықты өткізе білу және ғасырға қалай лайықты бола білуді көрсетті. 
 
Сауытбай Рүстем Серікұлы Қызметі: "Айша бибі" атындағы дарынды қыз балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" мектеп - интернаты директорының оқу жөнінен орынбасары, математика пәнінің мұғалімі. 
Тақырыбы: Кітап - білімнің бастауы.
 
"Болашақты саясаткерлер емес, ғалымдар басқарады." Ия, сіз дұрыс естідіңіз! Болашақ кітапты оқып, соны өз пайдасына жарататындардың қолында. Рүстем мырза кітап оқытудың жолдарын және ұстаздардың өзіде үлгі болып оқу керектігін тілге тиек етті. 
 
Соңғы спикеріміз Аманбаев Ержан Маханұлы 
Қызметі: Һибатулла мешітінің наиб имамы, теолог. 
Тақырыбы: Мұғалім әдебі тақырыбында ой өрбітті. Ұстаздың ұстанымы мен басты ұстанатын принциптері туралы айтып аудиторияның жүрегіне ұялата білді. 
 
Қалалық мәслиxатының депутаты Серікбол Қайратұлының бастамасымен өткен аталмыш шара болашақ ұстаздар мен мұғалімдердің көңілінен шыға білді. Саналы орта қалыптастыру бағытында аянбай еңбек етіп жүрген SK Group ААҚҚ - ның бұл бастамасын қолдағаны үшін Астана Парк басшылығына алғыс білдіреміз.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: