Жаман ойлардан құтылудың бірнеше тәсілі

Жаман ойлардан құтылудың бірнеше тәсілі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Намаз кезінде санаңызға жаман ойдың кіргенін сезсеңіз, бірден оны тыйып тастаңыз. Асылық ойлар талданбауы керек, пайда болды ма, жарайды, болсын.

Қажет емес ойлармен дауласпаңыз да олардан қорғанбаңыз. Әйтпесе, олар одан бетер сізге шабуыл жасап, сіздің күш-қуатыңызды, қуанышыңызды алып, ұзақ уақыт сізге жабысып алады. Осылайша, осындай жаман ойлар пайда болғанда, біріншіден, олармен күреспей, бірден елемей қою. Бұл жаман ойдың жетегінде кетпей, одан тасалануға жағдай жасайды.

Сұрқия ойларды талдау арқылы біз еріксіз олардың мән-мағынасын өсіріп, оларды үлкен етіп, ал өзімізді кішкентай санайтын боламыз. Сол себепті де үрей пайда болады. Ал үрей ойдың жетегінде кетуге мәжбүрлейді.

Келесі тәсіл – біздің ығырымызды шығаратын жаман ойларды жай ғана бақылау болып табылады. Олардан құтылуға тырыспаңыз, тек сыртынан тыныш қана бақылау керек, ешбір жағдайда онымен сұхбаттаспаңыз, бірақ сұрқия ойдың сізді билеп алуына мүмкіндік бермеңіз. Сыртынан жай ғана бақылап, оған көңіл қойып, шырмалудың қажеті жоқ. Ой болып қана жүре берсін. Болып жатқан нәрселерге бой алдырмай, оған тек бір кино немесе шоу сияқы қараңыз. Тек қана бақылаңыз.

Жаман ойларға назар аударатын болсаңыз ғана олар сізді билеп-төстеп алады. Ойыңызды саралап, оған баға бере бастасаңыз болғаны, өзіңіз сол болып жатқан дүние жетегінде кетіп, күш-қуатыңызды қажет емес бағытқа жұмсап, уайымға берілетін боласыз.

Жаман ой бойыңызды байлап-матай бастаса, оны мағынасыздыққа дейін жеткізіп көріңіз. Бұл тәсілдің мақсаты — сұрқия ойды күлкілі, қисынсыз, мағынасыз етіп көрсетіп, оны мазақ ету. Сана-сезім — ұлы алдаушы әрі күн өткен сайын ол сізді әлдебір әзілмен әурелеп қоюға тырысады. Санаңыз сізбен ойнай бастаса, сіз де онымен ойнай жөнеліңіз. Мысалы, мұңды, «қорқынышты» ойларды сіз сияқты алыптың аяғының астына оралып жүрген кішкентай, қисынсыз қызыл қоңыз немесе шыбын-шіркей ретінде елестетіңіз. Залым ойдың кішкене шыбын-шіркейлері сізді қорқытады деген ой күлкіңізді келтірмегенше елестетуді жалғастыра беріңіз. Әйтпесе, жаман ойлардың жетегінде кеткен адам мысықтан қорыққан тышқанға ұқсап, өз ойына ие бола алмай кетеді. Аталмыш ойын сұрқия ойдың күшін жояды. Өйткені залым ойларға назар аударған сайын, олар сізді толықтай билеп алады.

Сізді жаман ой түрінде бір жөнсіз торығу мен түсініксіз қорқыныш билей бастаса, онда оны толықтай кереғар етіп көрсетіңіз. Бейсанаңызда «бір жаман нәрсе болатын сияқты» деген ой пайда болса, оны бірден жағымды, игі оймен жоққа шығарған абзал. Сіздің қорқынышыңыз – сіздің Алла Тағалаңыздың бар екенін білсін. Сұрқия, жаман ойларды: «Аузу билляһи самиғул алим мина шшайтани рраджим» сөзімен тұншықтырыңыз. Кейбір ғалымдардың пікірінше,  «Лә иләһә илаллаһ» сөзімен Алланы еске алғаныңыз жөн. Бұл адамды мұңға батыратын сұрқия ойларға деген ең мықты қару. Жүз рет, мың рет  және одан да көп рет зікір айтыңыз және әдетке айналдырыңыз.

Мысалы үшін, басыңызға: «Мен бәрінен де жаманмын, менің қолымнан түк келмейді» деген ой ұялап алса, онда өзіңізге: «Менің қолымнан бәрі келеді, қандай жағдай болмасын, бәріне төтеп беремін, Алла қаласа. Менің дұғаларымды қабыл етіп, мен сыйынатын Жаратушым бар. Мен аса қабілетті әрі өте мықты адаммын», - деңіз. Сондай кездерде мына аятты айтыңыз: «ХасбияЛлаху уа ни'маль Уакил» - «Бізге Алла жетіп асады, Ол нендей жақсы ие!» (3:173).

Бір мезгілде жағымды және жағымсыз ойларды ойлау мүлде мүмкін емес, өйткені сана-сезім бір уақытта тек жағымды не жағымсыз нәрсені ғана ойлауға қабілетті. Егер жаман ойдың орнына жағымды нәрсені ойласаңыз, сұрқия ой өз билігінен айырылады. Келесі жолы сізге бір жаман ой келер болса, онда оған сіз жоғарыда айтылған тәсілдермен соққы беріңіз де сұрқия ойға бой алдырмай, бірден көзін жойыңыз. Аталған төрт тәсілдің қайсысы өзіңізге жақын болса, соны таңдап алыңыз. Жалпы алғанда, сіздің Иеңіздің кім екенін естен шығармаңыз. Ойыңыз бен санаңызды жаман ойлардың  билеп-төстеуіне жол бермеңіз. Бәрі өз қолыңызда!  

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (13)

Оқи отырыңыз: