Мүміннің шексіз 10 қуанышы

Мүміннің шексіз 10 қуанышы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала бізге - мұсылмандарға нығметтердің ең үлкені — иманды сыйлаған. Алла Тағаланың Өзі біздің жүрегімізге ұялатқан иманның арқасында ғана біз Алла разылығына кенеліп, Оған бір табан болса да жақын боламыз. 

Алла Тағаланың бізге нәсіп еткен шынайы бақыты — иман, ол екі дүниеде де адамзат баласын бақытқа кенелтіп, жаманшылықтан сақтайды. Иман — тазалық, шынайылық, тақуалық және Алланың хақ жолы. Алла Тағала жүрегінде тарының түйіріндей иманы бар пендесіне аса сүйіспеншілікпен қарайды. Бұл дүниеде мүмін қандай да бір бақытсыздыққа ұшырамасын, оның өмірі тұнып тұрған бақыт, өйткені ол Жаратушы Жалғыз Алланың ұйғарымдарына сәйкес әрекет етеді. Мүмінге Алла Тағала тарапынан көптеген қуаныштар нәсіп етілген. Сол қуаныштардың бірнешеуіне тоқталып өтейік:

1. «Мүміннің жағдайы неткен ғажап! Ақиқатында, оның жағдайы өзіне қайырлы болып табылады, мұндай жағдай мүміннен басқа ешкімге берілмеген: егер бір қуаныш болса, ол Аллаға шүкір айтады, бұл оған қайырлы, ал егер оның басына бақытсыздық келсе, ол сабырлық танытады, бұл да оған қайырлы» (Мүслим).

2. «Мұсылманның қажығандығы, дерті, үрейі, уайымы, келеңсіздігі, қайғысы, тіпті денесіне кірген тікенегі үшін  Алла міндетті түрде оның күнәларын кешіретін болады» (Бұхари).

3. «Бұл үмбеттің мүшелерін жеңілдікпен, айбындылықпен, діннің дәуірлеуімен, қалаларда күшке ие болуымен және Алладан келер жәрдеммен қуандыр. Кімде-кім ақирет үшін жасалатын амалдарды бұл дүниеден пайда табу үшін жасайтын болса, мәңгілік өмірде оның үлесі де болмайды» (Байхаки).

4. «Құлына қайыр тілеген Алла оны осы дүниеде-ақ жазалап алады. Егер Ол құлына жамандық қаласа, онда оның жазасын Қиямет күніне қалдырып қояды» (Тирмизи, Ибн Маджа).

5. Қиямет күні біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) баласын іздеген аяулы анадай қайта тірілгендердің арасын аралап: «Менің үмбетім! Менің үмбетім!», - деп айтатын болады.

6. «Асылында, Қиямет күні менің үмбетімнің маңдайы, қолдары мен аяқтары алынған дәреттің ізінен нұрланып тұратын болады. Кімде-кім осы белгіні қаласа, соны жасасын» (Бұхари).

7. «Менің үмбетіме мейірімділік нәсіп етілген. Келер дүниеде жаза болмайды. Оның орнына, ол бұл дүниеде жанжалмен, баянсыздықпен, қантөгіспен сыналатын болады» (Ахмад).

8. «Рамазан айының бірінші түні келгенде, Алла Тағала Өз құлдарына қарайды, ал Алла кімге қараса, сол ешқашан жазаға тартылмайды».

9. «Асылында, иман келтіргендердің ішіндегі ең ғажап адамдары сендерден кейн келетіндері болып табылады, олар жазбаларды тауып, сол жазбаларға иман келтіретін болады».

10. «Мүміндердің бір-біріне деген мейірімділік, сүйіспеншілік және аяушылық танытуында олар құдды бір дене тәрізді: денесінің бір мүшесі ауырса, оның денесі жаппай сыздап, ұйқысыздықта болады» (Бұхари).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: