Ешқашан Тозаққа түспейтін адамдар

Ешқашан Тозаққа түспейтін адамдар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақиқатында, Алла Елшісі (ﷺ) Мұғазды Йеменге жібергенде, Мұғаз:

 «Уа, Алла Елшісі, маған кеңес бер», - дейді.

Пайғамбарымыз (ﷺ) өзінің тілін ұстап: «Өзіңнің мынауыңа ие бол», - деп айтады.

Мұғаз қайтадан:

«Уа, Алла Елшісі, маған кеңес бер», - дейді.

Сонда Алла Елшісі (ﷺ) :

«Анаң сені көрмей кетсін, әй, Мұғаз (бұл сөз таңғалуды білдіреді), адамдар ғайбат үшін Тозақ отына тасталмай ма?! Тозаққа өз тілдерін ғайбаттан сақтағандарды ғана тастамайды».

Хасан Басри (ол кісіге Алла разы болсын) былай айтқан:

«Көп сөйлеген адам, көп қателеседі. Кімнің көп байлығы болса, соның көп күнәсі болады. Кімнің мінезі жаман болса, сол өзін азаптайтын болады».

Әбу Сағид әл-Худри (ол кісіге Алла разы болсын) былай айтқан:

«Таңертең адам ұйқыдан оянғанда, оның денесінің барлық мүшелері тілге былай айтады екен: «Біз үшін Алладан қорық, өйткені біз саған бағыныштымыз, егер сен дұрыс болсаң, біз де дұрыс боламыз, ал егер сен тура жолдан тайсаң, біз де тура жолдан таямыз!» Күндердің күнінде Әбу Заррдың Қағба маңында тұрып былай айтқаны келтірілген: «Мені танитындарың ақылды болыңдар, асылында, сендер мені білесіңдер, ал енді кімде-кім мені білмесе, онда біліп қойыңдар, мен - Жундам бин Жунада әл-Ғаффари Әбу Зарр. Сендерге ақыл айтып, сендерге арашашы болатын бауырларыңа тездетіп жақындаңдар». Лезде оның қасына адамдар жиналып қалады. 

Әбу Зарр (ол кісіге Алла разы болсын) сөзін жалғастырып:

«Уа, адамдар, егер сендердің біреулерің жолға шығатын болса, әрине, өзімен бірге азық-түлік алады. Сонда ол қалай ақирет әлеміне азық-түліксіз бармақшы?» - деп сұрайды.

Адамдар: «Уа, Әбу Зарр, біздің азық-түлігіміз не болмақ?»

Сонда Әбу Зарр (ол кісіге Алла разы болсын) былай деп жауап береді:

«Қабірде нұр болсын деп екі ракағат намаз оқу. Ыстық күнде ораза ұстауың және кедейлерге берген қайыр-садақаң сені Қиямет күнгі азаптан құтқарады, сондай-ақ, сенің қажылығың — сенің азығың болып табылады.

Бұл баянсыз өмірде екі мәжіліс жасаңдар, біріншісі — бұл дүние нығметін алуға, екіншісі — ақирет нығметін алу үшін, ал үшінші мәжіліс — пайда емес, зиян әкеледі. 

Екі сөзді айтыңдар: осы дүниеде пайда беретін және ақирет ісінде пайдасы тиетін сөзді ғана. Үшінші сөз — пайда емес, зиян әкеледі. Мүлікті екі дирхемге бөліңдер. Бір дирхемді балаларыңа жұмсаңдар да екіншісін өздеріңе ұстаңдар, ал үшінші дирхем пайда емес, тек зиян әкеледі».

Ақиқатында, Ғисаның (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) былай айтқандығы келтірілген:

«Алланы ауызға алмай айтылған көп сөзден сендердің жүректерің қараяды. Қара жүрек Алладан аулақта болады, бірақ сендер оны білмейсіңдер».

Сахабалардың бірі былай айтқан: «Егер сен жүрегіңнің қарайғанын, денеңнің әлсірегенін, ризығыңның болмауын байқасаң, онда бос сөз айтқаныңды білетін бол».

"Танбихул ғафилин" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: