Хамилден Ілиясқа дейін жеткен адамзаттың асылы Пайғамбарымыздың (ﷺ) нұры

Хамилден Ілиясқа дейін жеткен адамзаттың асылы Пайғамбарымыздың (ﷺ) нұры

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хамил балиғат жасқа толғанда оны Қайдар Әбу Құбайс тауына алып келеді. Ол ұлына көп ақыл айтып, пайғамбарлықтың нұрын сақтауға уәде алып әрі тыйым салынғандардан бойын аулақ ұстауды тапсырады. Одан кейін ұлын Шайб тауының басына алып келеді. Сол кезде алдарынан көркем адам бейнесіндегі Ажал періштесі пайда бола кетеді. Әлгі адам амандасып, олардың қайдан келе жатқандарын сұрайды. Қайдар жауап береді. Ол қайтадан: «Өте жақсы. Кел, екеуміз ақылдасайық», - дейді. Олар біраз алдыға түсіп жүреді, сол кезде періште оның құлағына сыбырлағандай болып, оның жанын алады.

Содан кейін Хамилге келіп: «Барып қарашы, әкең аман ба екен», - деп айтады. Хамил әкесіне жете бергенде, Ажал періштесі көкке көтеріліп кетеді. Хамил әкесінің өлгенін көреді. Әлгі адамның ғайып болғанын байқап, ол оның Ажал періштесі болғандығын түсінеді. Әкесінің денесін жуып, кебінге орап, арулап жерлейді. Хамил өз тайпасындағы Саида есімді қызды әйелдікке алады. Олар Йеменге кетіп бара жатқанда Набит есімді ұл дүниеге келеді. Қасиетті нұр сол ұлға беріледі. 

Ал босану кезінде Саида көз жұмады. Қатты жауын басталып, Қайдар жаңа туған ұлын бір үңгірге алып келеді. Аяқ-астынан Хамил де көз жұмып, кішкентай сәби үңгірде жалғыз қалады. Қырық күннен кейін әлгі үңгірге кірген арабтар нәрестені көреді. Олар оны Алла Тағала өсімдік сияқты жерден өсірген жындардың баласы деп ойлап қалады. Набит сұлу жүзді болып өседі әрі оның маңдайында пайғамбарлықтың нұры жарқырап тұрады.  

Набиттен нұр оның ұлы Хамиске беріледі, ол Шам, Йемен, Хижаз бен Нажд жерлерін бағындырған күшті билеуші болады. Хамис тіпті Мысырды және Парсы елінің бірқатар аймақтарын өзіне қаратқан. Оны көрген әрбір адам еріксіз оның алдында басын иетін болған. 

Хамистен нұр Адад есімді адамға берілді, бұл есім оған мықты дауысының арқасында берілген болатын. Оның дауысы он миля аралыққа жететін. Одан нұр Аднанға беріледі. Барлық адамдар мен жындар оны өлтіруге тырысатындықтан оған осы есім берілген: «Бұл адамның тұқымынан барлық адамдар мен жындардың сұлтаны дүниеге келеді, сондықтан оны тездетіп өлтіру керек», - дейтін оны көргендер.

Алла оны бұл адамдардың зұлымдығынан сақтаған. Олар оған тіпті саусақтарының да ұшын тигізе алмаған.  Күндердің күнінде Аднан атпен келе жатқанда, оны сексен салт атты қоршап алады. Аднан ойпаңдау жерде, ал қалғандары биіктеу жерде болады. Жалғыз өзі сексен салт аттымен шайқасады. Қатты жараланған ол тауға қашуға мәжбүр болады. Жаулары оны қуып жетіп, енді өлтіре бергенде Аднан Алладан пана сұрайды. Сол сәтте қатты жел көтеріліп Аднанды таудың басына әкеліп тастайды, ал жауларының таудың басына көтерілуге мүмкіндіктері болмайды. Содан кейін тауда бір үрейлі дауыс шығады да оның жаулары қорыққандарынан өліп кетеді. Бұл біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (ﷺ) ғажайыптарының бірі еді.  

Аднаннан кейін нұр Әбу Куда (Батырдың әкесі) деген лақап аты бар Меаддке беріледі. Оның балалары ержүрек жауынгерлер болғандықтан оған осындай лақап есім берілген болатын. Оның Даххак есімді бір ұлы қырық жауынгермен Бану Исраилдің күллі әскерін күл-талқан етіп, көп олжаға кенеліп әрі тұтқындарды қолға түсірген. Исраил ұлдары жиналып өз пайғамбарынан оларға лағынет жаудыруды сұрайды. Олардың пайғамбары лағынет айтуға жиналғанда оған бұл адамдарға лағынет айтуға болмайды, өйткені оның тұқымынан ақырзаман Пайғамбары (ﷺ) келеді деген уахи түсіріледі.  

 Меаддтен кейін нұр Низарға беріледі. Ұлы дүниеге келгенде Меадд құрбандыққа мың түйе сояды. Оның соншама көп құрбандық шалғанына халық тәнті болады, ал оның өзі болса: «Уаллаһи, мен мұны көп деп санамаймын», - дейді. Низардың анасы жұрхұм тайпасынан әрі өте көрікті болады.

Низарды көргендердің бәрі оны қатты жақсы көріп, мұсылман бола бастаған. Ол Ибраһим пайғамбардың (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) дінін ұстанып, сол дінді тарату үшін көп нәрсе жасаған. Низар ұлы Ілиясқа көптеген өсиеттер қалдырған. Төменде біз солардың біразын келтіреміз:

«Кімде-кім зұлымдық жасаса, сол опық жейді. Жақсылық жасауға асық. Нәпсіңе қарсы шығып, оны тазартып отыр. Көзі тоймс нәпсіңнің соңында кетпе».

Олар ең алғашқы болып жүкті түйемен таситын болғандығы келтірілген. Қасиетті нұр Низардан Ілиясқа берілген, ол өз есіміне не ұлы, не қызы болмағандықтан, тек қартайған шағында ғана оған ұлды боласың деген жақсы хабар жеткендіктен ие болған. Ілияс Мұхаммедтің (ﷺ) нұры көп рет Алла есімін айтатындығын жиі еститін. Ал қажылық мерзімінде нұрдан мынадай сөздер естілетін: "Леббейк Аллахумма леббейк". Ілиястың анасының есімі Хузайма болатын.

"Пайғамбарлар тарихы" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: