Үнсіздікте 7000 қайыр бар

Үнсіздікте 7000 қайыр бар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кейбір данышпандар былай айтқан: «Үнсіздікте жеті мың қайыр бар. Сол жеті мың қайыр бар-жоғы жеті сөзге сидырылған екен. Әрбір сөзде мың қайырдан бар. Бұл сөздердің біріншісі: асылында, үнсіздік — қиыншылықсыз құлшылық ету. Екіншісі: үнсіздік - зейнет. Үшіншісі: үнсіздік — қайыр мен маңыздылық.

Ғалым үшін үнсіздік - зейнет, ал надан үшін — шымылдық. Бір данышпан: «Ақиқатында, Адамның баласы үш бөліктен тұрады. Бірінші — жүректен, екінші — тілден және үшінші — қалған мүшелерден. Асылында, Алла Тағала адамның әрбір мүшесін құрмет көрсете отырып жаратқан», - деп айтқан. 

Алланың жүрекке деген құрметі — оған Өзін танып-білу мүмкіндігін беруі. Тілге «Лә иләһа иллә-Ллаһ» деп шәһадат айту қабілетін беруі әрі Құранды оқытуы. Ал басқа мүшелерге намаз оқу, ораза ұстау және басқа да құлшылық түрлерін өтеу қабілеттілігін берген. Әрбір мүшеге Алла сақтаушы берген. Ал жүректің (жанның) сақтаушысы Алла Тағаланың Өзі болып табылады. Адам жүрегінде (жанында) не бар екенін білмейтін болады, бірақ Алла біледі. Алла адамның тіліне де сақаушы қойған. 

Алла пендесінің ағзаларына бұйрықтар мен тыйымдар жіберген. Ақиқатында, Алла Тағала адамның әрбір мүшесі өз міндеттерін орындағанын қалайды. Жүректің міндеті — иманға берік болу, қызғанбау әрі алдамау.  Тілдің міндеті келесідей: тіл өтірік және пайдасыз бос сөздерді айтпауы керек. Басқа мүшелердің міндеті — Аллаға қатысты күнә жасамау және мұсылмандардың біреуін де ренжітпеу. Кімде-кім иманға берік болмаса, сол екіжүзді. Кімде-кім куәлік сөздерін айтпаса, ол иман келтірмегендерен. Кімде-кім басқа мүшелердің міндеттерін орындамаса, сол күнәлі. 

Хасанның былай айтқандығы келтірілген: «Ғұмар бин Хаттаб (ол кісіге Алла разы болсын) бір жасөспірімге қарап, оған былай айтқан: «Әй, бозбала, егер сен өзіңді үш нәрседен келетін зұлымдықтан сақтасаң, сен жастайынан өзін жамандықтан сақтағандардың қатарында боласың. Өзіңді тіл, жыныс мүшелер мен қарын зұлымдығынан сақта».

Сондай-ақ, Лұқман Хакімнің (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) Хабащ тұрғынының құлы болғандығы айтылған. Бір күні оған қожасы: «Бір қойды сойып, ең жақсы екі мүшесін алып кел», - дейді. Лұқман (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) қожасына қойдың жүрегі мен тілін алып келеді. Содан кейін қожайыны Лұқманға: «Тағы бір қой сойып, енді оның ең жаман екі мүшесін алып кел», - дейді. Лұқман Хакім қайтадан тіл мен жүректі алып келеді. Қожайыны Лұқманнан мұның даналығын сұрайды, сонда Лұқман: «Егер осы екі мүше жақсы болса, онда денеде бұл екеуінен артық мүше жоқ. Ал егер олар жаман болса, онда бұл екі мүшеден өткен жаман мүше жоқ», - деген екен.

"Танбихул ғафилин" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: