Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлының бастамасымен қаңтар айы бойы аудан бойынша мешіттер «Мұқтаждың мұңын бөліс» атты акция жүзеге асырылуда. Аталмыш іс-шара Бетқайнар ауылында қолдау тауып, ауылдық мешіт имамы Н.Жиенбаев ұйымдастырумен мұқтаж 12 отбасына азық-түлік бумалар таратылды. Көмек ретінде макарон, күріш, гречка, пияз, кеспе, томат пастасы, шәй, сұйық май, және тәттілер үлестірілді. Көмек алушылар өз шексіз разылықтарын танытты. Бір-бірімізге қолдау, қолдан келгенше көмек жасау, ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз үмбеттеріне хадистері арқылы аманат еткен еді. Асыл дініміздің құндылықтарын алыстамайық.
Аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі



19 Қаңтар 2026
30 Раджаб 1447

