Жақында Өскемен қаласында «Рухани жаңғырудағы әйелдердің рөлі» атты «әйел-қыздар» секторына арналған республикалық семинар өткені белгілі. Аталмыш семинарға «әйел-қыздар» секторының өңіріміздегі басшысы Үсенова Зейнеп қатысып қайтқан болатын. Үш күндік оқудан оралған сектор басшысы мешіт ұстаздарының басын қосып жиналыс жасады. Жиын барысында семинарда қозғалған мәселелерді айтып өтіп, алдағы уақытта «әйел-қыздар» секторының жұмысын одан әрі жандандыру міндеті тұрғандығын жеткізіп, ұстаздарға бірқатар тапсырмалар берді, сондай-ақ сектордың 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.