Әйел-қыздары секторы «Һибатулла Тарази» мешітінде 4 отбасыға азық-түлік түрінде қайырымдылық көрсетті. Іс-шараны ұйымдастырған мешіт ұстаздары Зейнеп Үсенова мен Гүлжан Алдасаева бұған дейін де бірқатар қайырымдылық шараларына мұрындық болған еді. Айта кету керек, қазіргі уақытта облыстық мешіт шәкірттері әр жұма сайын кішігірім қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, одан түскен қаржыға жоқ-жітіктерге, көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік аз қамтылған жандарға көмек көрсетіп келеді.