Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтың төрағалығымен Дін істері басқармасы басшысының 2017 жылы атқарылған жұмыстарының қорытынды есеп беру жиыны өтті. Аталмыш жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі Данияр Жұмабаев қатысып, 2017 жылы өңірімізде төрт бағытта, атап айтқанда діни білім, насихат және қоғаммен байланыс, теріс ағыммен жұмыс, қайырымдылық іс-шаралары бойынша атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін оқыды. Сондай-ақ түрлі сала қызметкелері мен діни бірлестік өкілдері қатысқан алқалы жиында Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаровтың облысымыздағы өткен жылы атқарылған дін саласындағы жұмыстарының есебі тыңдалды.