Амангелді ауылында мәуліт оқылды

Амангелді ауылында мәуліт оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Төле би" мешітіне қарасты Алға ауылы Амангелді мешітінің молдасы Абдраймов Әбубакрдың ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мухаммед (с.а.у.) дүниеге келген қасиетті Мәуліт айының құрметіне кішігірім дастархан жайылып мәуліт оқылды.

Амангелді мешітінің молдасы  Ә.Абдраймов келген жамағатқа Пайғамбарымыз (с.а.у.) көркем мінезі жайында өнегелі уағыз-насихат айтты.

Мәуліт соңынан қасиетті Құран оқылып, дүниеден өткен ата-бабаларымыз бен апа-әжелерімізге бағышталды. Жасы үлкен қария Қазақстан мемлекетімізге, ел басына, дін басына жалпы халқымызға еліміздің тыныштығына қайырлы бата жасады.

Мәулітке қатысқан мешіт жамағаты Ә.Абдраймовқа өз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Осындай діни мерекелер алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

                                   Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: