«Әбдіқадір» мешітінде осы мешіттің бас имамы Айнабек Ахметовтің ұйытқы болуымен айлық дастархан ұйымдастырылып, имамдар мен жамағат жиналып уағыз тыңдады.
Көшпелі айлық уағыз дастарханына келген ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев сөз бастап, жамағаттың ауызбіршілігі мен бауырмалдығы туралы уағыз айтты. Өкіл имам еліміздің қазіргі жетістігі үшін Аллаға шүкіршілік келтіруге шақырып, өз сөзін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): "Кімде-кім өз үйінде (отбасының қасында) амандықпен ешкімнен қорықпай, дені сау және бір күндік тамағы болып таң аттырса, бүкіл дүние алдына жиналғандай болады" - деген хадисін айтып түйіндеді.
Қала имамы Қанат Жұмағұл өз уағызында Құран аяттары мен Пайғамбарамыздың (с.ғ.с) хадистеріне иек арта отырып, мұсылман адамның бойында табылуға тиіс кереметтей сипат – әділдік туралы ой қозғады.
Жиын соңында өкіл имам Данияр қари дұға жасап, келген қариялардың бірі көпшілікке бата берді.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі