Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы Жамбыл ауылдық «Әл Хафиз» мешітінде бейсенбілік кездесу өткізді.
Кездесуге арнайы Әлжан ана, Қақпатас, Бетқайнар, Сарыбұлақ ауылдық мешіттерінің жамағаты шақырылды. Бас имам жиналған жамағатқа «Шүкіршілік» тақырыбында уағыз айтты.
Жиналған көпшілік көкейкесті сұрақтар қойып, нақты жауаптарын алды. Құптан намазы оқылып, кездесу өз жалғасын дастархан басында тапты. Ауыл имамдарымен, жамағатпен келісе отыра келесі кездесу өтетін уақыт мен мешіт анықталып, ізгі істі үзбей жасауға бірауыздан шешім қабылданды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі