Жастар тәрбиесі қай қоғамда, қай кезеңде болмасын өзекті дүние. Келешегіміздің қандай болмағы осы жас буынға тікелей байланысты.
"Ағашты шыбық кезінде түзе" демекші ертеңгі жемісті бүгіннен бастап екпек керек. Осыған орай, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі сектор өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев арнайы шақыртумен эфирге шықты.
"Қазақстан Тараз" телеарнасындағы "Қайырлы таң, Әулиеата" бағдарламасында "Жастар және дін" тақырыбында сүбелі сөз сөйлеп, өзекті мәселелерді көтерді. Жастарға өнеге, ғибрат боларлық әңгіме өрбітті. Қоғам көкейіндегі сауалдарға жауап болған жайттарды тілге тиек етті.
Ал тілшілер теологпен өткен сұхбат барысында бүгінгі діни ахуалға тоқталып өтті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.