Қайырымдылық - қоғамда мейірімділік пен ізгілікті арттыратын игі амал. Ал осы бір қарекет мешітте жиі ұйымдастырылатын іс-шараның бірі.
Мәселен, кеше Алла үйінінің атынан ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі сектор өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев мүгедек бала асырап отырған 5 баланың анасына азық-түлік жеткізіп қайтты.
Имам сабыр мен сынақ жайлы бірер сөз айтып, шаңырақ берекесі үшін дұға жасап, бата берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.