"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы қыздар-әйелдер секторының ұйымдастыруымен "Құрметтесең, құрмет көресің" атты іс-шара өтті.
Жиын барысында әйелдер жамағаты ақ дастархан жайып, дәмдес бола отырып, өнегелі уағыз тыңдады.
Сектор өкілі Зейнеп Үсенова мен мешіт ұстазы Гүлжан Алдасаева құрмет, ізеттілік туралы сүбелі насихат айтып, жамағатты татулыққа ұйытты.
Дастархан басында ақ жаулықты әжелеріміз ғибратты оқиғаларын баяндап, әйел затына кеңес боларлық сөздерін жеткізді.
Шара соңында дұға жасалып, бата берілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.