"Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы қыздар-әйелдер секторының ұйымдастыруымен нәзік жандыларға материалдық көмек берілді.
Аталған жәрдемді сектор өкілі Зейнеп Үсенова табыстады. Айта кетейік, мұндай қайырымдылық шаралары мешітте жиі ұйымдастырылып тұрады.
Қыздар-әйелдер секторы қарттарға, көпбалалы, жалғызбасты аналарға, жетім, студент жастарға көмек көрсетуге қашанда асық.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.