Қордай ауданы, Қарасай ауылында «Қарасай баба» мешітінің жанынан жаңа ғимарат бой көтеріп, ашылу салтанаты өтті.
Мешіттің ашылу рәсіміне ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев, аудан әкімі Болатбек Байтөле, аудандық мәслихат хатшысы Руслан Нұрсипатов, ауданның бас имамы Дәуренбек Жандосұлы, ауылдық мешіттердің имам-молдалары, исі мұсылман жамағат қатысты.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр Әлимұхамедұлы ауыл тұрғындарын Алла үйінің ашылуымен құттықтап, «Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с): «Кімде-кім Алланың дидарын қалап, мешіт тұрғызған болса, Алла Тағала жәннатта оған сондай үй тұрғызады», - деген хадисін еске салды. Мешіт — кез келген адамды тіліне, нәсіліне, ұлтына қарап бөлмей, бастарын бір жерге тоғыстыратын рухани орталық. Халыққа насихат, уағыз айтатын рухани орталық та осы Алланың үйі» - деп сөзін түйіндеді.
«Сауапты іс жасаған азаматтарға облыс тұрғындары атынан шексіз алғысымды білдіремін», - дей келе, ең үлкен сыйлық - қасиетті Құран Кәрімді тарту етті.
Өкіл имам жаңа ашылған мешітте Құран аяттарын оқып, ата-баба рухына дұға бағыштады. Мешітте алғашқы намаз оқылып, шара Уәли әулеті дайындаған үлкен дастархан басындағы отырысқа ұласты.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі