ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАРДЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАНДАРДЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ЖӘРМЕҢКЕ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің Бас имамы Данияр Жұмабаевтың бастамасымен, демеуші азаматтардың қолдауымен сәрсенбінің сәтіне облысымыздың 500 тұрғынына көмек берілген болатын. Сол ауқымды шараның артынша жұма күні Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешіті, ҚМБД-ға қарасты «Әйелдер-қыздар» секторының ұстаздары және шәкірттерінің ұйымдастыруымен көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

Жұма намазына келген мешіт жамағаты мұтаждардың қажетін өтеуге бір кісідей атсалысты. Халық бұл жәрмеңкеде тіске басар неше түрлі тәттілер, майға қуырылған бәліш пен тандыр самсасын алып, ыстық шәй іш ішіп, бойларын жылытты. Осылайша, шараға қатысқан әрбір жан өзі де тойып, өзгеге де көмек қолын созған болды. Себебі, бұл қайырымдылық сауда-саттығынан түскен қаржы қаламыздағы көптеген материалды аз қамтылған отбасылардың жыртығына жамау болар деген үміттеміз.

Аталмыш жәрмеңкенің ұйымдастырылуына ұйытқы болған «Кеңесхан қажы» мешітінің Бас имамы Қанат Әділханұлы  іс-шараның нәтижелі көрсеткішін жоғары бағалап, белсене араласқан әйелдер жамағаты мен олардың ұстаздарына алғыс айтты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: