Тәрбие - тал бесіктен...

Тәрбие - тал бесіктен...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

 Өскелең ұрпаққа ата-ана алдындағы перзенттік парызын сезіндіре отырып, ақ сүт берген ана мен ардақты әкеге қарсы келуді үндейтін жат ағым идеологиясының алдын-алу мақсатында ұйымдастырылған жиын барысында Сұлтаншәріп қажы Ислам дініндегі ата-ананың орны туралы сөз қозғады.

«Соңғы жылдары әкесі тұрып ұлы, анасы тұрып қызы сөйлемеген салтымыздың сәні кете бастағаны ащы да болса шындық. Кейбір адасқан ағым жетегінде кеткен бауырларымыз намаз оқымайтын ата-анасын сыйламай, керек десеңіз, отбасынан безуді қалыпты жағдайға айналдыруда. Бұл – әрине, Ислам дінінде жоқ нәрсе. Асыл дініміз ата-ананы құрметтеуге шақырып, «жұмақ ананың аяғының астында» дейді. Олай болса, бауырмалдық пен туысқандық қарым-қатынасқа ерекше мән беруге шақыратын Ислам мәдениеті – адамзатты өмірлік қателіктерден қорғап, адамдыққа үндейтін баға жетпес рухани қазына", - деді бас имам өз сөзінде.

Әбілда МЕЙІРХАНОВ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: