Ең үлкен ұры

Ең үлкен ұры

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам табиғаты жақсылыққа, сый-сияпатқа қатты әсерленгіш келеді. Барлық адамдар кімнен жақсылық көрсе, соны жақсы көре бастайды.

Бір әулие кісінің үйіне ұры түседі. Ары іздейді бері іздейді, бірақ ұрлайтын ештеңе таппайды. Ұры ештеңе таппағандықтан қайғырып, не істерін білмей қарап тұрғанда әулие кісі ұрының артынан келіп «асықпа» деген екен. Ұры шошып кетеді. Әулие:

-         Таңертең көршілер маған май, бал сияқты азық-түліктер әкеледі, соларды бірге жейміз. Одан кейін алтын, ақша сияқты заттар әкеледі, олардың барлығын саған берімін... Бірақ бір шартым бар. Таңға дейін менің айтқандарымды істейсің, – дейді.

-         Не істеуім керек?

-         Дәрет ал, таңға дейін бірге намаз оқимыз.

-         Мен намаз оқи алмаймын, ешқашан оқып көрмегенмін.

-         Ештеңе етпейді, сен менің ісімді қайталайсың.

Осылайша таң атады. Таңертең көршілер тағы асқа тағамдар әкеледі. Әулие кісі сөз бердім ғой, кел бірге тамақтанайық деп, бірге тамақтанады. Ұрының қарны тояды. Біраздан соң бір атты кісі келеді, атынан түспей алыстан «Ата» деп шақырады да, бір дорба алтынды лақтырады. «Мынау сенікі» деп кетіп қалады. Ішінен тура 250 дана алтын шығады.

Әулие кісі «Мә, ала ғой, бұл сенікі, саған сөз бердім ғой, ала бер» дейді. Ұры таң қалып, ойланып тұрып, былай дейді: «Ата мен ұрымын, бірақ сіз меннен асқан ұры екенсіз. Тіпті әлемде сізден асқан ұры жоқ. Сіз менің жүрегімді ұрладыңыз. Енді бұл жерден ешқайда кетпеймін. Сізге бұл жерде қызмет етемін» деген екен. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: