Үнемі уақытыңыз жетпей ме?

Үнемі уақытыңыз жетпей ме?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Уақыты болмайтындар үшін...

 «Менің уақытым жоқ». Өмірімізде бұл пікірді біз өте жиі қолданамыз. Біреулер үшін бұл  – ақталу, олардың пайдасыз нәрселерге уақыты бар да, бірақ ең маңызды дүниелерге уақыты қалмайды,  ал енді кейбіреулер көп пайдалы әрі игі істер жасайды, алайда олар одан да көп жақсы амалдар жасап үлгеру  үшін уақытын дұрыстап басқара алмай қалады. «Уақыт жоқ» деген мәселені шешуге болады! Мұсылман болып жаратылған біздер үшін мұның басшылығы біздің дінімізде бар:

• Дұға жасаңдар. Нығметті беруші де көбейтуші де Жалғыз Алла. Алладан өзіңізге игілікті уақыт сұраңыз, оны сізге және қоршаған ортаға пайдалы болуын тілеңіз, сізге берілген уақытты жібермеуге тырысыңыз. 

• Ниеттеріңізді жаңартып отырыңыз. Күнделікті өзіңізге сұрақ қойып отырыңыз: Өз өміріңіздің қандай болуын қалар едіңіз? Бұл өмірде неге ұмтылудасыз? Сіздің ниеттеріңіз уақыттан барынша пайда әкелудің басты уәждеуішіне айналсын.

• Мақсат. Адамға ұзақ мерзімді мақсат қажет. Өмірдегі барлық әрекеті сол мақсатынан өрбімек. Басты мақсатты анықтап алған соң, қысқа мерзімді мақсаттар мен міндеттерді қойып, оларды орындауға кірісіңіз. Есіңізде болсын, сәттілік пен кемелдік өздігінен келмейді, бұл нақты ойлау мен жоспарлаудың нәтижесі. Мақсат қойып, Бір Аллаға тәуекел етіңіз.

• Өз ойларыңызды ретке келтіріңіз. Өз уақытыңызды барынша тиімді қолдану үшін ұйымдасқан болу маңызды. Өз ойларыңды ретке келтіріп, нені қалайтыныңызды біліңіз, жинақы болу үшін өз істеріңізге күнделік жүргізіңіз.

 • Күнделікті жетіліп отырыңыз. Барлық күш-жігеріңізді салып, қолыңыздан келетіннің бәрін жасауға тырысыңыз. Құлшылығыңызды, мінезіңізді, әдеттеріңізді жетілдіріңіз. 

• Таң намадарын оқыңыз. Таң намазы ерекше қасиетке ие. Таңғы уақыттың өзіндік ерекшелігі бар. Кімде-кім таң намазын уақытында оқыса, оның пайдасын күні бойы сезіп жүреді. 

• Әрбір істі Алланың атымен бастаңыз. Біз мұсылмандар «Бисмилля» сөзінде қаншама игіліктің бар екенін білеміз, Алла атымен бастап, біз Аллаға сенім артамыз, өз ісімізді Оған тапсырамыз әрі ісімізде қайыр-береке табамыз.

Қасиетті Құранда былай айтылған: "Заманға серт. Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды!" (103:1-3)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: