Нағыз иман келтірген адам - қабірінде жатып былай дейді…

Нағыз иман келтірген адам - қабірінде жатып былай дейді…

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Сен иман келтірдің және иман келтірген күйіңде өлдің»

Факих Әбу Қасим бин Габдурахман Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтты деп Әбу Хурайраның (оған Алла разы болсын) айтқанын келтірген иснадында келесідей делінген:  Шынында, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан:  «Қабірде жатқанға қатты өкірген дауыс естіледі, бұл дауысты оның қасында тұрған адамнан басқа жануарлардың бәрі еститін болады. Егер бұл дауысты (бұл дүниеде) адам еститін болса, айғай салып, есінен танып қалар еді. 

Нағыз иман келтірген қабірде жатып былай айтады: «Асығыңдар, мені қандай жақсылық күтіп тұрғанын білсеңдер, сендер менің алымда жүрер едіңдер». Ал иман келтірмеген: «Асықпаңдар, мені қандай зұлымдық күтіп тұрғанын білсеңдер, сендер мені асықтырмас едіңдер», - дейді. Нағыз иман келтіргенді қабірге жатқызғанда, оның бас жағынан көк көздері бар екі періште жақындайды. Сонда иман келтіргеннің намазы оларға былай айтады: «Маған жоламаңдар, ол көп түндерін ұйқысыз, құлшылықпен өткізген».

Сосын періштелер оның аяқ жағынан келеді. Сонда ата-анаға жасаған жақсылық оларға былй дейді: «Бізге жоламаңдар, ол бізге қамқор болған». Содан кейін періштелер оның оң жағынан келеді. Сонда бұл адамның берген садақасы періштелерге былай деп тіл қатады:  «Маған жақындамаңдар, расында, ол садақа берген».

Содан кейін періштелер оның сол жағына шығады, сонда қабірде жатқанның оразасы былай айтады: «Маған жақындамаңдар, расында, ол шөлдеп, ашыққан». Сосын періштелер адамды ұйқыдан оятқандай оятып: «Алла Тағаланың сөзін жеткізгенді көрдің бе?», - деп сұрайды. 

Қабірдегі адам олардан: «Кім ол?», - деп сұрайды. Сонда періштелер:  «Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)», - деп айтады. Сонда адам былай айтады: «Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Елшісі екендігіне куәлік беремін».

Періштелер оған: «Сен иман келтірдің және иман келтірген күйіңде өлдің», - дейді. Содан кейін оның қабірі кеңейіп, Алланың берекеті тарайды.

Біз Алла Тағаладан бізді бейқамдыққа түсіретін нәпсінің азғын тілектерінен сақтасын деп сұраймыз, сондай-ақ, Ұлы Алла бізді қабір азабынан сақтасын деп тілейміз. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағалаға қабір азабынан сақта деп жиі дұға жасаған.

"Танбихул гафилин" кітабынан
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: