Хайуанға мейірімділік

Хайуанға мейірімділік

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Абу Даудтың сүнән кітабында Абу Хурайра (Алла ол кісіден разы болсын) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ансарлардың бірінің ауласынан өтіп бара жатып, байлаулы тұрған бір түйені көрді. Пайғамбарымызды көрген түйе жылай бастады.

Алла елшісі (с.ғ.с.) түйенің егесіне: «Сен Алладан қорықпайсыңба? Бұл түйені  саған Алла сыйлады емес пе? Бұл жануар саған арызданып жатыр. Сен оған жақсы қарамайсың, ауыр жүктерді артады екенсің. Бұл тілсіз, дертін айта алмайтын жануарға жақсы қара және жанашырлықпен пайдалан. Оған өте мейірімді бол»-деп, насихат қылды.

Алынатын пайда және үгіт

Исламда жануарларға мейірімсіз болғандардың жаһаннамға кіретінін айтып отыр. Мұсылманның жақсысы мейірімді болғаны. Жануарларға мейірім сезімі болмаған адамдардың есебі ауыр болады. Алланың әділ сипаты бар.

Дүниеде жәбір көрген үй жануарлары болсын, жабайы жыртқыш аңдар болсын қияметте өз ақысын алып беруді Алладан сұрайды екен. Өз ақымызға жауап бере алмай жүргенде, қияметте енді үй жануарлары мен жыртқыш хайуандардың ақысына жауап беретін болсақ, жағдайымыз не болар екен. Сол күні кейбір адамдар Алланың әділ жазасынан қашуға жол таба алмай қайтадан топыраққа айналуды арман етеді.

Ғалымбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамых

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: